Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зеренді-Астық" пайшыларға төлемақы беруді бастады

Жарияланған күні:

Егістік басы
Егістік басы: pixabay.com

"Қазақстан астық консорциумы" ЖШС басшылары баспасөз мәжілісінде биылғы егін науқанының барысы жайында баяндап, биыл "Зеренді-Астық" ЖШС мол өнім беріп, консорциум серіктестікке инвестор болғалы рекордты көрсеткішке ие болғанын жеткізді, деп жазады "Айқын".

Айта кететін дүние, Қазақстан астық консорциумына кіретін шаруашылықтар арасында "Зеренді-Астық" серіктестігі алғашқы болып пай бойынша төлемақы беріп жатыр. Қазір компания пайшыларға төлемақы беру жұмыстары басталды.

"Қазақстан астық консорциумы 2021 жылы серіктестікке оның қарыздарын өтеп, жұмысты жолға қою мақсатында келген болатын. Бұрынғы акционердің кезінде компания құлдырап, оның түрлі банкте қарыздары бар болды. Серіктестіктің өзі Проблемалық кредиттер қорына кепілге берілген. Компания банкрот болудың алдында ғана тұрған еді. Біз инвестор ретінде келу арқылы арқылы кепілде тұрған жерлердің сатылып кетуінің алдын алдық. Әрине, мемлекет бізге компанияның барлық қарызын өтеу міндетін қойды. Қазір бұл мәселені біртіндеп шешіп жатырмыз", – деді "Қазақстан астық консорциумы" ЖШС бас директоры Бақтияр Оспанов.

Серіктестік мәліметінше, оның құрамынан шығып кеткен шамамен 70 пайшы 2023 жылы қайта оралған. Қазір тағы 30-дан астам пайшы қайта серіктестік құрамына өту бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Астық консорциумының бас директоры Бақтияр Оспанов бұл ретте пайшыларға төленетін дивиденд мөлшері де ұлғайғанын еске салды. Басқа компания инвестор болған тұста пайшылар өнімнің 5 пайызы мөлшерінде төлемақы алса, бүгінде ол 7,5 пайызға жеткен. 

Оспановтың айтуынша, оның құрамына 23 шаруашылық компания кіреді. Компания биыл 43 жаңа комбайн (10-ы – импорттық өнім) сатып алса, 2025 жылғы көктемде ауыл шаруашылығы техникаларының қатары 32 егін егу кешенімен толығады. Әлеуметтік жауапкершілік аясында жыл сайын ауылдар арасындағы жолды қардан тазалау жұмыстарын өздері жүргізеді. Сондай-ақ кәсіпорын пайшылар тұратын, еңбек ететін ауылдарда мәдениет үйін, медициналық пунктін жөндеу жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. 

"Өкінішке қарай, биылға дейін "Зеренді-Астық" ЖШС көрсеткіштері төмен болды. Оған қоса, пайшылардың серіктестіктен кетуі компанияның жоғары дамуына мүмкіндік бермей келді. Соған қарамастан, компания әлеуметтік жауапкершілік аясындағы өз міндеттемелерін орындап келеді. Біз тек төртінші жыл дегенде серіктестік табысқа шығады деп болжап отырмыз. Табыстың артуына қарай облыста әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды көбірек орындауға күш саламыз", – деді Бақтияр Оспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172774-zerendi-astyq-paishylarga-tolemaqy-berudi-bastady/