Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 млн теңге қарызы бар түркістандық ер адамның көлігі айыптұрағына қойылды

Жарияланған күні:

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысында полицейлер банкке 10 млн теңге қарызы бар ер едамды анықтады. Оның көлігі арнайы айыптұрағына қойылды, деп KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне 10 млн теңге қарызы бар Toyota Corolla автокөлігі бойынша дабыл түскен. Полиция "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы анықтаған көлікті Сайрам –Ақсукент тас жолы бойында тоқтатты.

Көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған. Тексеру кезінде көлік оның күйеуінің атында екені және ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бары анықталды. Ол мамыр айынан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен.

"Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 10 миллион теңге қарызы бар екені анықталды. Көлікті арнайы айыптұраққа орналастырдық. Қарызының өтелуі бойынша сот орындаушының рұқсаты келмейінше көлік сол жерде тұрады", - деді облыстық патрульдік полиция батальонының командирі Алмас Мырзахметов.

Еске салайық, Түркістан облысында 1,5 млн теңге айыппұлын төлемеген көлік жүргізушісі анықталған еді. Заң талаптарына сәйкес полиция көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушіге айыппұлдарды уақытылы төлеу керегін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173180-turkistan-oblysynda-nesiesin-tolemegen-er-adam-uaqytsha-koliginen-aiyryldy/