Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтардың моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы тарихи қолжазба жарық көрді

Жарияланған күні:

Құнды қолжазба
Құнды қолжазба. Фото: t.me/madenietaqparat

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы "Архив-2025" бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесін жарыққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі "Тарих" қолжазбасын зерттеді.

"Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген", - делінген хабарда.

Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173332-qazaqtardyng-mogol-bileushilerimen-qarym-qatynasy-turaly-tarihi-qolzhazba-zharyq-kordi/