Әйгілі "Тұмарым" әнінің авторы Рамазан Елібаев дүниеден өтті
Жарияланған күні:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-композитор Рамазан Елібаев дүние салды. Қаралы хабарды сазгердің балалары жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Рамазан Қабдолдаұлы Елібаев 1947 жылы 4 тамызда Қатонқарағай ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. "Гүлдер", "Алматы әуендері" ансамбльдерінің негізін қалаушылардың бірі. "Гүлдер" ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанған.
Оның "Тұмарым", "Жаным-ау", "Не пайда?", "Көздер-ай", "Жас ұлан" т.б. әндері ел ішінде кең танылған.
Композитор он бес жылдан бері ауыр дертпен күресіп келген.
Рамазан Елібаевтың жаназасы 13 қазанда Астанада шығарылады.
KAZ.NUR.KZ ұжымы сазгердің отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173419-aigili-tumarym-anining-avtory-ramazan-elibaev-dunieden-otti/