jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Талғардағы Шерзат Болат қазасы: қазақстандықтар желіде ауқымды флешмоб бастады

    Талғарда қаза болған жасөспірім
    Шерзат Болат. Видеодан кадр: КТК

    Қазнетте кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болат оқиғасы қызу талқыланып жатыр – 4 қазанда бозбала төбелес салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды, ал 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасына тиесілі үй өртеніп кетті. Осы жайттардан кейін желіде ауқымды флешмоб басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандықтар әлеуметтік желіде марқұм бозбаланың суретін қойып, #заШерзата деген хэштегпен флешмоб бастады.

    Осы уақытқа дейін Шерзаттың суреті қойылған хэштегті 700 мыңға жуық желі қолданушысы бөліскен. Осылайша қазақстандықтар Шерзат Болат өліміне кінәлі қылмыскерлерді заң аясында жазалауды талап етуде.

    Талғардағы Шерзат Болат қазасы

    Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

    Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады.

    Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

    Қанды оқиға болған дүкеннің алдында марқұм Шерзат Болатты еске алу бұрышы ашылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі Талғарға барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

    10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасап, халықтан митингке шықпауын өтінді. Сондай-ақ ол отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жеткізді. Айтуынша, заңгерлер мен журналистердің атын жамылып, белгісіз біреулер келіп қорқытқан. Шерзаттың әкесі жағдай өзіне және жақындарына кері әсер етіп кетпес үшін, жұртшылықтан митингке шығып, қантөгіс жасамауын өтінді.

    12 қазанда құқыққорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кеткенін жазып, видео жариялады.

    Артынша полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

    Кейін бас прокуратура өкілдері мәлімдеме жасап, жәбірленушілердің үйін өртеу фактісі бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын және қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынғанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.