Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АӘК алуға өтініш білдірген азаматтардың шығыны тексеріледі

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы бүгін Мәжіліс алаңында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібіне өзгертулер енгізу жоспары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Светлана Жақыпова жұмыстан бас тарту мәселелерін заңнамалық тұрғыдан қарастыруды ұсынғанын еске салды.

Ол сондай-ақ АӘК тағайындау кезінде әлеуметтік аудитті енгізу жоспарлары туралы айтты.

"Әлеуметтік аудит" ұғымы адамның өзі өзінің кірістері мен шығындарын жариялайтынын білдіреді. Содан кейін тағайындау болады (АӘК - ред. ескертпесі). Ол үшін ештеңе өзгермейді. Кірістер бағанында "шығыстар" бағаны пайда болады. Әзірленген нормалар мемлекеттік органдармен келісіледі", - деп түсіндірді министр.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қорғау министрінен сонау КСРО кезінде қолданылған "паразитизм" ("тунеядство") жазасы Қазақстанда қайтарылуы мүмкін бе деген сұрақ қойылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174188-qazaqstanda-aak-aluga-otinish-bildirgen-azamattardyng-shygyny-tekseriledi/