Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шетелдіктерге шекараны кесіп өтуге көмектескен адамдар тобы ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Түркістан облысында полиция заңсыз көші-қон арналарын анықтады
Түркістан облысында полиция заңсыз көші-қон арналарын анықтады. Фото: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Биыл Түркістан облысы полиция департаменті жедел қызметінің полицейлері бірқатар қылмыстық топ пен заңсыз көші-қон арналарының жолын кесіп, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы шетелдіктерге мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, құжаттарды қолдан жасау арқылы көмектескен адамдар тобын ұстады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 5 тұрғыны күдікті болып шықты, олардың екеуі бұрын сотталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ көрші мемлекеттің 10 азаматына шекарадан өтуге көмектескен Сарыағаш ауданының екі тұрғыны анықталды. Ұсталған шетелдіктер көші-қон заңын өрескел бұзған.

Бұдан бөлек биыл облыс департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы көрші мемлекеттер іздеген 9 қылмысқа күдіктілерді ұстады. 3 шетелдікке қатысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мәсеен, 2021 жылдан бастап өз Отанында бас бостандығынан айыру жазасынан қашқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен. Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД шекара қызметі бірлесе отырып, шекараны кесіп өтпек болып қылмыс жасағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде жүрген көрші мемлекеттің тағы бір азаматын ұстады. Барлық анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, заңда көзделген шаралар қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174807-turkistan-oblysynda-sheteldikterge-shekarany-kesip-otuge-komektesken-adamdar-toby-ustaldy-video/