Түркістан облысында білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған.
Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 істі облыс прокуратурасы сотқа жіберді.
"Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Еске салайық, мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылғанын жазған едік. Тізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат арнаулы мемлекеттік қорға түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174874-turkistan-oblysynda-bilim-salasynda-zhymqyrylgan-1-5-mlrd-tengge-memleketke-qaitaryldy/