jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Астана көшелерінде жүрген әскери техника видеоға түсіп қалды

Астанадағы әскери көлік
Астанадағы әскери көлік. Фото: t.me/astanovka98

Әлеуметтік желілерде Астана көшелерімен қозғалып бара жатқан әскери техниканың бейнежазбасы жария болды. Бұл бейнежазбаға Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Astanovka98 арнасында әскери техника түсірілген бейнежазба жарияланды. Видео сипаттамасында әскери техника Астанадағы №72 мектеп-лицейінің жанынан өткені айтылған. NUR.KZ тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін жүгінді.

"Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында Қорғаныс министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде әскери қызметке шығарып салу іс-шарасын өткізді.

Іс-шара аясында қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарадан кейін техника өз күшімен тұрақты орналасу орындарына қайтарылды", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Астана көшелерінде жүрген әскери техника видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.