Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда таңға жуық жер сілкінісі сезілді

Жарияланған күні:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін таңға жуық Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Мамандар 2 балл болып сезілгенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы 2024 жылғы 17  қазан Астана уақытымен 03:23-те жер сілкінісі тіркелді", - делінген хабарламада.

Алматыдағы жер сілкінісі

Айта кетейік, Алматыда биыл 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Алматы қаласы ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Бұған қоса күшті жер сілкінісі салдыранын бірнеше ғимаратта, соның ішінде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимараты мен жатақханасында жарықтар пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175260-almatyda-zher-silkinisi-sezildi/