Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"391 млн теңге залал келтірген": Түркістан облысында қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Жарияланған күні:

Тиындар мен қағаз ақша
Қағаз ақшалар мен жиналып тұрған тиындар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысының прокуратурасы "Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group" қаржы пирамидасының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының прокуратурасы 2022-2023 жылдар аралығында Төлеби ауданы аумағында заңсыз іс-әрекеттер жасаған "Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group" қаржы (инвестициялық) пирамидасына қатысты ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі сотқа жолдады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іске 20 тұлғаның қатысы бар екені анықталды. Олардың іс-әрекеті салдарынан 279 жәбірленушіге жалпы 391,7 млн теңге материалдық залал келтірілген. Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған мүліктеріне тыйым салынды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Еске салайық, Шымкентте "Пайызсыз баспана" атты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталған еді. Олар Шымкент, Алматы, Астана қалаларында 2019-2021 жылдар аралығында Instagram әлеуметтік желісі арқылы ақша салымшыларды тартып, төмен бағамен баспана ұсынуға уәде берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175398-391-mln-tengge-zalal-keltirgen-turkistan-oblysynda-qarzhy-piramidasyna-qatysty-is-sotqa-zholdandy/