jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту: премьер-министр депутаттың ұсынысына жауап берді

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрі Олжас Бектенов депутаттың балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ депутаттық сауалға берілген жауапқа сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл қыркүйек айында мәжіліс депутаты Магеррам Махаррамов қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасты төмендетуді ұсынған болатын. Депутаттар осындай ұсыныспен премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдады.

Депутаттық сауалға жауап парламенті мәжілісінің сайтында жарияланды. Онда Олжас Бектенов әлемдік тәжірибеге сілтеме жасап, оған сәйкес 12 жастағы балалардың әлі де жетілмейтінін айтты.

"Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай (Германия, Жапония, Ресей, Финляндия, Ұлыбритания) қылмыстық жауаптылық 14-15 жастан басталады (Қылмыстық құқықтың 6-шы халықаралық конгресінің (1953, Рим) ұсынымдары бойынша). 12 жастағы балаларды жауапқа тарту оларды тәрбиелеу мен қорғаудағы құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді, өйткені бұл жаста балалардың өз әрекеттерінің әлеуметтік қауіптілігін толық түсіну үшін жеткілікті деңгейде болмайды", - делінген жауапта.

Еске салайық, Магеррамов өз өтінішінде көптеген жасөспірім-агрессорлар жасының жетпеуіне байланысты жазасыз қалып жатқанын атап өткен болатын.

"Бәлкім, біз, заң шығарушылар, Ұлыбританиядан үлгі ала отырып, кейбір қылмыстар үшін жауапкершілікті 14 жастан емес, мысалы, зорлау істері бойынша 12 жастан белгілей отырып, қылмыстық жауапкершілік басталатын жастың шекті мәнін қайта қарауымыз керек", - деген ұсыныс айтқан еді депутат.

12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту: премьер-министр депутаттың ұсынысына жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.