jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркістан әуежайында 71 жастағы Германия азаматы ұсталды

    Әуежай
    Әуежай: pixabay.com

    Түркістан әуежайында қос азаматтығы бар германиялық әйел ұсталып, оған айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Полицейлер Түркістан – Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 71 жастағы Германия азаматын анықтаған.

    "Тексеру барысында ұсталған әйелден Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының қос азаматтығы анықталды. Көлік полицейлері оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады", - делінген полиция хабарламасында.

    Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты оны кінәлі деп танып, 140 АЕК (516 880 теңге) айыппұл салды.

    Айта кетейік, көліктегі ПД "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Осы ЖПІШ барысында ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 143 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 19 шетелдік елден шығарылды.

    Түркістан әуежайында 71 жастағы Германия азаматы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.