jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші жазаланбайтын болды

    Балабақша
    Балабақша. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Шымкентте балабақшада бүлдіршінді ұрып-соғып, тіпті аяғынан сүйреп, қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, тәрбиеші "тәрбиелеу мекемесі жұмыскерiнің кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту" бабы бойынша айыпталған еді. Сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденсе де, тәрбиеші мен жәбірленуші тараптың татуласуына байланысты оған ешқандай шара қолданылмаған.

    Аталған жайтқа қатысты Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі пікір білдірді.

    "Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрады. Онымен татуласып, оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты сот Қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деді соттың баспасөз қызметінен.

    Еске сала кетейік, оқиға қыркүйек айында болған еді. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тәрбиешінің бүлдіршінді белгісіз затпен ұрып, аяғынан сүйрегенін көруге болады. Оқиғадан кейін балабақша қызметкері бірден жұмыстан шығарылып, қылмыстық іс қозғалған еді.

    Шымкентте бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші жазаланбайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.