"Енді маған ұрыспайсыздар": Қарағанды әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасында қала тұрғындары үшін маңызды жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды әкімі қала тұрғындарына Четская көшесінің бойындағы жолға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалғанын, өзі де бұл хабарды асыға күтіп жүргенін хабарлады.
"Алақай! Достар, енді маған ұрыспайсыздар, соған өте қуаныштымын! Мен де бұл жаңалықты қатты күттім. Четская көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын аяқталып қалды. Өте қуаныштымын", - деп жазды әкім.
Мейрам Қожықовтың айтуынша, бұған дейін бұл аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Дүйсембеков көшесінен Бұқар жырау даңғылына дейін айналма көшеден өтетін жол ашылған.
"Жөндеу жұмыстары неге кешіктірілгенін түсіндірейін, біріншіден, жол өте ұзақ – 4,5 км. Бұл бір жаз маусымы үшін өте көп. Мұндай жобаны жүзеге асыру біздің климаттық жағдайымызды ескеріп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 20 айға созылады
Екіншіден, жол астындағы бастапқы зерттеу кезінде көрінбеген көптеген желіні таптық. Болашақта апат бола қалса, жаңа жол жамылғысын бұзбау үшін оларды басқа жерге көшірдік.
Үшіншіден, екі жерүсті жылу компенсаторын жерастына ауыстыру көп уақытты қажет етті. Төртіншіден, жаңбыр суының жаңа жүйесін орнаттық. Бесіншіден, көше қиылыстарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сыртқы жарықтандырудың жаңа желісін орнаттық", - деді әкім.
Қожықовтың айтуынша, алдағы жылы Қарағандыда тек тротуарларды абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176587-endi-magan-uryspaisyzdar-qaragandy-akimi-qala-turgyndaryna-undeu-zhasady/