jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген": ІІМ көлік құралдарын тіркеудің қылмыстық схемасын әшкереледі

    Автотасығыштағы көліктер
    Автотасығыштағы көліктер. Көрнекі фото: Krisztian Bocsi/Bloomberg via Getty Images

    Арнайы жедел іс-шаралар барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі прокуратураның көмегімен Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады. Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан, деп хабарлайды ІІМ-нің ақпараттық медиа порталы.

    Ішкі істер министрлігі азаматтар мен мемлекетке миллиондаған шығын келтіретін ұйымдасқан қылмыстық схемаларды анықтау бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді.

    Әшкереленген топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан.

    Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды.

    "Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

    Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.