Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең ұзын автомобиль көпірі ашылды

Жарияланған күні:

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.

Көлік министрі Марат Қарабаев премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғанын баяндады.

Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылған. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандартына сәйкес іске асырылған.

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі. Фото: primeminister.kz

"Жаңа көпір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шығыс Қазақстан – маңызды көлік дәліздері өтетін стратегиялық аймақ. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір логистикалық бағыттарды жақсартып, шекаралас елдермен үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі. Фото: primeminister.kz

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірі. Фото: primeminister.kz

Еске салсақ, 12 қыркүйекте Түркістан облысында еліміздегі алғашқы ең ұзын тоннель ресми ашылғанын жазған едік. Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннельдің ұзындығы – 840 метр, ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176857-qazaqstandagy-eng-uzyn-avtomobil-kopiri-ashyldy-foto/