jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Құқық бұзғанымды мойындаймын": депутат Тұрлыхановтың ұлы мейрамханаға не үшін барғанын айтып берді

Нұрасыл Болат. Фото
Нұрасыл Болат. Фото: instagram.com/pro.pravo.kz

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат сотта бас бостандығын шектеу жазасын өтеу тәртібін неліктен бұзғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сотталушы білезікті қуаттайтын құрал досының көлігінде қалып қойғандықтан, үйінен шығып кеткенін айтты. Себебі оған пробация қызметінің өкілдері хабарласып, білезікті қуаттап қоюды сұраған.

"Мен үй киімі мен тәпішке киіп жүргенмін", - деді Болат.

Ол Астанада жүргенде пробация қызметіне бірнеше рет тіркелу үшін келгенін айтты. Нұрасыл Болат қазір Астанадан Алматыға ауысу туралы құжаттарды күтіп жатқанын атап өтті.

"Құқықбұзушылық жасағанымды мойындаймын", - деді ол.

Айта кетейік, пробация қызметкері Болаттың ағымдағы жылдың 11 қазан күні кешке мейрамханада, ал 12 қазан күні таңертең караокеде болғанын айтқан.

Бүгін Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеуді ауыстыру ісі бойынша сот отырысы өтті. Сотта тараптар сөз сөйледі.

Адвокат Назкен Құсайынова қорғаушысы ойын-сауық мекемесінде болғанын, бірақ ішімдік ішпегенін мойындағанын атап өтті. Ол пробация қызметінің "оның психикасына күшті қысым жасағанын" айтып, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырудан бас тартуды сұрады.

"Құқық бұзғанымды мойындаймын": депутат Тұрлыхановтың ұлы мейрамханаға не үшін барғанын айтып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.