jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте есірткі өткізген күдікті ұсталды

    Шымкентте есірткі өткізген күдікті ұсталды
    Шымкентте есірткі өткізген күдікті ұсталды. Фото: Polisia.kz

    Шымкентте есірткі өткізген 32 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 32 жастағы азаматты ұстаған. Ол Шымкент аумағында 21 грамм марихуана есірткі затын өткізген.

    "Тінту кезінде ұсталған марихуана есірткісі, тегіс ұңғылы қару және бірқатар оқ-дәрілер тәркіленді.  Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.

    Еске салайық, Түркістан облысында полиция жыл басынан бері 3,5 мың доза синтетикалық есірткі тәркілегенін жазған едік. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 629 дерек анықталған. Оның 259-ы – қылмыс, 370-і – теріс қылық. Ал есірткі сату бойынша 35, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз егу бойынша 67, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 10 жайт тіркелді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.