jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Теміртауда емханалардың 20-дан астам қызметкері жазаланды

Дәрі-дәрмек
Көрнекі фото: Хабар 24

Теміртауда кейінгі үш жылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде көптеген заңбұзушылық болған. Дәрі-дәрмек жазып беру нормасынан асып кету және басқа да заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Қарағанды ​​облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысының прокуратурасы мәліметінше, Теміртау қаласының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы үш жылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын тексерді.

Тексеру барысында дәрі-дәрмек тағайындаудың белгіленген нормаларынан асып кету, емделушіні қабылдауды тіркеусіз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді беру, сондай-ақ халықтың жан басына шаққандағы қаржыландырудағы бұзушылықтар анықталды.

"Жеке тұлғаларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту Қағидаларын" бұза отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды тіркеудің 76 фактісі анықталды.

Жол берілген заңбұзушылықтар үшін емханалардың 20-дан астам қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде 2-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар прокуратураның қадағалау актісі бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ Филиалы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жан басына шаққандағы қаржыландырудағы бұзушылықтар үшін республикалық бюджетке 16 миллион теңгеден астам қаражатты қайтару шараларын қабылдады.

Теміртауда емханалардың 20-дан астам қызметкері жазаланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.