jitsu gif
Оқыс оқиға

    Семейде жолдан жүгіріп өткен 7 жасар баланы көлік қағып кетті

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Семейде жолдан жүгіріп өткен 7 жасар баланы көлік қағып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақпарат Абай облыстық полиция департаментінің Telegram-дағы арнасында жарияланды.

    "Бүгін сағат 12:30-да Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті.

    Бақытымызға орай, бала жеңіл жарақаттармен аман қалды, бірақ жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды”, - делінген хабарламада.

    Полиция мұндай жағдайлардың алдын алу үшін балаларды қауіпсіз жүріс-тұрысқа үйрететін бейнеүзінді дайындады.

    Семейде жолдан жүгіріп өткен 7 жасар баланы көлік қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.