Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте екі азаматты қылмыс үстінде ұстады (видео)

Жарияланған күні:

Екі азамат ұсталған сәт
Екі азамат ұсталған сәт. Фото: t.me/knbgov_kz

Биыл қазанда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰҚК-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстанның екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

"10 кг жуық дайын және 60 литр "а-PVP" сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) бірнеше рет; 

3) аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған; 

4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; 

5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы; 

6) қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер – 

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2177910-uqk-qyzmetkerleri-shymkentte-eki-azamatty-qylmys-ustinde-ustady-video/