jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсету дерегі бойынша төрт күдікті ұсталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Алматы облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсету дерегі бойынша төрт күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ізін суытпай төрт күдіктіні де анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - делінген полиция хабарламасында.

    Ведомство өкілдері қазір қылмыстың мән-жайын обьективті түрде анықтауға бағытталған барлық қажет тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

    "Тергеу облыстық полиция департаменті назарында", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарағанын жазған едік. Бұл дерек бойынша облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.