Ерболат Досаев алматылықтарға Республика күніне орай президент атынан мемлекеттік наградаларды тапсырды
Жарияланған күні:
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қаланың 93 тұрғынына мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Марапатқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар ұсынылды. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік салаларының өкілдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлер бар.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1-дәрежелі "Барыс" орденімен "Бибі-Ана" қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазина марапатталды. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы суретші Алексей Уткинге, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияның солисі Гүлнар Құрамбаеваға және тағы басқаларға берілді.
Алматы әкімі "Парасат" орденін Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжоловаға, "Дос-Мұқасан" ВИА тобының қатысушысы Ұлықпан Сыдықовқа және т. б. табыс етті; "Құрмет" орденімен Халықаралық білім беру корпорациясының профессоры Таңатқан Абақанов, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Сәуле Бекетаева, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, еңбек ардагерлері Қуаныш Абдухалимов, Лиза Каримова, Жанат Шанина және тағы басқалар марапатталды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан Ерболат Досаев:
- 3 - дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін – "Алматы тазалықтың" жол жұмысшысы Дина Дарибаеваға, "Алматыэлектротранс" троллейбус паркінің жүргізушісі Гүлбаршын Кукаеваға, Алматы жылу желілерінің слесарі Сергей Падалянге, № 405 авиажөндеу зауытының слесарі Алтымбек Жақсыбаев және т. б;
- "Ерен еңбегі үшін" медалін – Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей мұғалімі Ақылкүл Әбдікайымоваға, "Алматы тазалықтың" жол жұмысшысы Мәди Бекмұханбетовке, домбырашы Айбек Бримгазинге, Алматы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшесінің командирі Ғалым Нұрдәулетовке, "City-bus" ЖШС слесарі Аслан Туғанбаевқа және т. б.;
- "Шапағат" медалін - Түрксіб ауданы көпбалалы отбасылар одағының төрайымы Бибирабе Айымбетоваға , Бостандық ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологы Айгүл Кенжееваға, "Кедергісіз KZ" мүгедек адамдар қоғамының төрайымы Меруерт Құлахметоваға, қалалық Адам репродукциясы орталығының акушер-гинеколог дәрігері Чапен Сармулдаеваға, "ҚазСтрой Монолит" ЖШС бас директоры Керемет Ахановқа және тағы басқаларға табыс етті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары және басқалар қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімі қала әкімдігінің ғимаратында өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178047-erbolat-dosaev-almatylyqtarga-respublika-kunine-orai-prezident-atynan-memlekettik-nagradalardy-tapsyrdy/