Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жол-көлік оқиғалары екі есе көбейді": Бас прокуратура өкілдері Астанадағы жол апаты себептерін атады

Жарияланған күні:

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен жылмен салыстырғанда Астанада жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қала прокуроры Е.Р.Өтегеновтың төрағалығымен 2024 жылдың 9 айында елорда жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскені атап өтілді.

"Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болса, оның 3-і кәмелетке толмағандар.

Бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы және т.б. бірқатар кемшіліктер анықталды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, қашықтықты сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы да өз әсерін тигізген.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар берілді, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі шаралар кешені әзірленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178543-zhol-kolik-oqigalary-eki-ese-kobeidi-bas-prokuratura-okilderi-astanadagy-zhol-apaty-sebepterin-atady/