"Дүкеннің жанынан байқаған": Талғарда тергеу изоляторынан қашқан күдіктіні ұстау сәті дронға түсірілген
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде дронмен түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда Талғардағы уақытша ұстау изолтяорынан қашып кеткен күдіктіні ұстау сәті бейнеленген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланған. Видеоның сипаттамасыгда дрон Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі екені жазылға.
Саяжайларды тексеру кезінде облыстық ТЖД қызметкері күдіктіні тапқан. Содан кейін ол күдіктінің қайда жасырынғанын полиция департаментінің жедел тобына хабарлаған.
"Оны дүкеннің маңынан байқаған. Содан кейін полиция іздестіру жұмыстарына дронға түсіретін адамды да тартқан. Видео ауыл чатына жіберілген", - делінген парақшадағы жазбада.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне видеоны растап, дрон департаментке тиесілі екенін хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен зорлау бойынша күдіктінің жеке мәліметтерін жариялағанын хабарлаған едік.
Алматы облысы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу салды.
Ал бүгін Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178857-dukenning-zhanynan-baiqagan-talgarda-tergeu-izoliatorynan-qashqan-kudiktini-ustau-sati-dronga-tusirilgen/