jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы облысы тауларында екі жасөспірім адасып кеткен

    Тауда адасып кеткен жасөспірімдердің табылған сәті
    Жас туристер мен құтқарушылар. Фото: t.me/qr_tjm

    Алматы облысында Фурманов шыңына бет алған екі жасөспірім адасып кеткен. Құтқарушылар оларды құтқару лашығынан тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, ТЖМ құтқарушылары жас туристерді таудан түсірген.

    "Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері адасып кеткендерді "Панорама" шыңындағы құтқару лашығынан тапты", - делінген хабарламада.

    Құтқарушылар жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, кейін оларды ата-аналарына тапсырған.

    Алматы облысы тауларында екі жасөспірім адасып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.