Зектілері

Астанада кейбір оқушылар сабақ алдында ұялы телефондарын тапсыруға міндеттелді

Жарияланған күні:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Астананың бірқатар мектептерінде "Смартфонсыз мектеп" жобасы іске қосылды. Оқушылар сабақ қарсаңында ұялы телефондарын арнайы ұяшықтарға салады, деп хабарлайды елорданың білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елордалық білім басқармасы атап өткендей, жаңашылдықтың мақсаты - білім беру сапасын арттыру. Сабақтар алдында смартфон өткізу – № 1, 4, 7, 8, 17, 18, 25, 28, 29, 32, 34, 43, 46, 48, 52, 58, 70, 73, 76, 77, 87, 93, 103, 103, 108 мектептерде енгізілді.

Балалар гаджеттерді арнайы ұяшықтарға салады. Сондай-ақ мұндай шара оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ететіні атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Мәжіліс депутаттары қазақстандық оқушыларға сабақ кезінде телефондарды пайдалануға тыйым салуды ұсынған еді.

Норма тек сабақ кезінде шектеулерді қамтиды, ал бала мектепке ұялы телефон әкеліп, оны үзіліс кезінде қолдана алады.

Осы жылдың ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179590-astanada-keibir-oqushylar-sabaq-aldynda-uialy-telefondaryn-tapsyruga-mindetteldi/