jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Ішкі істер министрлігі жаңа қызмет түрін енгізуі мүмкін

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігі тұрғылықты жері бойынша тіркеудің бар-жоғы туралы ақпарат берудің жаңа функциясын енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

    Ведомство жаңа функция – тұрғылықты жері бойынша тіркеудің бар-жоғы туралы ақпарат беруді іске асыруды жоспарлап отыр.

    Сонымен қатар жарияланған құжатта жеке тұлғаларға осы мемлекеттік қызметті көрсету ережелері қарастырылған.

    "Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және пароль арқылы порталда авторизациядан өтеді, қызметті таңдайды және сұрау салу деректерін қалыптастырады, ЭЦҚ таңдайды, ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландырады (қол қояды).

    Сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп және электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады", - делінген құжат жобасында.

    Құжат жобасы 11 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

    Ішкі істер министрлігі жаңа қызмет түрін енгізуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.