jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қостанайлық жоғары лауазымды полицей Республика күні мас күйде камераға түсіп қалған (видео)

    Оқиға сәті
    Оқиға сәті. Видеодан кадр: https://www.instagram.com/tobol_info

    Қостанай облысының полиция департаменті мас күйде бейнебақылау камерасына түсіп қалған қызметкерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы "ТоболИнфо"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, редакцияға Қостанай облысы полиция департаменті подполковнигінің Республика күнін қалай тойлағаны бейнеленген видео жіберілген.

    "Басқа полиция қызметкерлерінің сырт келбетін "қадағалап" жүретін адам өзі мас күйінде басқа адамдардың құқығын таптап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

    Тәртіп сақшысы мерекеде ерекше босаңсыған сияқты. Оны тыныштандырып, мекемеден шығару үшін бірнеше адам араласуға мәжбүр болды", - деп жазады басылым.

    Басылым мереке күндері Қостанай облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылғанын атап өтті. Жағдайға Қостанай облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

    "Осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды, оның аясында қызметкердің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қызметкердің де, басшылықтың да кінәсінің дәрежесі анықталады", - деді полиция департаментінің өкілі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.