jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркістанда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қауіпсіздік белдігін тақпай көлік айдаған

    Полицей мен көлік жүргізушісі
    Полицей мен көлік жүргізушісі. Фото: polisia.kz

    Түркістан қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Бекзат Саттарханов даңғылы бойында Land Range Rover маркалы автокөлігін тоқтатты. Олар көлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылым мәліметінше, құжат тексеру барысында көлік жүргізушісінің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны белгілі болған.

    Оған қатысты құжаттары мен басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару фактісі бойынша әкімшілік шаралар қабылданған. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

    Осы ретте полиция автокөлік иелеріне жол ережелерін сақтау және көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқармау туралы ескертті.

    Түркістанда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қауіпсіздік белдігін тақпай көлік айдаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.