jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тарихын білгім келеді": домбыра тартатын 50 жастағы америкалық халық күйін бір күнде үйреніп алған

Джефф Герш
Джефф Герш. Видеодан кадр: "Таңшолпан" бағдарламасы

50 жастағы америкалық азамат Джефф Герш "Нәр ағашы" атты халық күйін бір-ақ күнде үйреніп алған. Шетелдік азамат жақында Астанада жеке концертін өткізген. Джефф "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында алдағы уақытта басқа да қазақтың ұлттық саз аспаптарын меңгергісі келетінін айтты.

Бағдарлама ақпараты бойынша, 50 жастағы Джефф есімді музыкант екі жылдан бері қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып жүр. Шетелдік өнерпаз "Балбырауын" күйін 2 аптада меңгерсе, халық күйі "Нәр ағашын" бір-ақ күнде үйреніп алған. "Домбыраны қолға алғалы өзге аспаптарды ұмыттым" дейді ол.

"Алғаш "Адай" күйін әлеуметтік желіден тыңдадым. Маған қатты ұнады. Үйренем деп алдыма мақсат қойдым. Міне, меңгеріп те алдым. Алдағы уақытта барлық күйді тартуды үйреніп, олардың тарихын білгім келеді. Айтпақшы, қазақ тілін үйренуге де ден қойдым", - дейді Джефф Герш.

Джеффке домбыра мен қазақ тілін меңгеруге күйші Айгерім Мырзахмет көмектесіп жүр. Ол шетелдіктерге ағылшын тілінен домбырадан сабақ береді. Айгерімнің әлемнің 30 елінде шәкірті бар екен.

"Шетелдіктерге домбыраны ағылшын тілінде тілінде үйретіп, қазақ мәдениетін насихаттап жүрмін. Барлық оқушым түрлі шет елде болғандықтан, онлайн үйренеміз. ZOOM арқылы, жазылған сабақтар арқылы үйретіп жүрмін. Қазір Америкадан келген оқушыммен көзбе-көз жеке концертіне дайындалдық. Шетелдік азаматтарда ұмтылыс көп, талабы бар, көбірек өздері де практика жасайды", - дейді домбырашы Айгерім Мырзахмет.

Америкалық азамат алдағы уақытта домбырадан бөлек, басқа да қазақтың саз аспаптарын үйренуді қолға алмақ.

"Тарихын білгім келеді": домбыра тартатын 50 жастағы америкалық халық күйін бір күнде үйреніп алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.