Шымкентте 16 жастағы жігіт есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға сотталуы мүмкін (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте 16 жастағы жігіт есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жас жігітті Еңбекші ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері қылмыс үстінде ұстаған.
"Оның заңға қайшы «жұмысты» интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды.
Ер адамнан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді", - делінген Шымкент қалалық ПД Instagram-дағы парақшасында.
Қазіргі уақытта полиция есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауда отыр.
Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180760-shymkentte-16-zhastagy-zhigit-esirtki-zharnamalagany-ushin-alty-zhylga-sottaluy-mumkin-video/