Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрумен деп жасырған": Қазақстаннан АҚШ пен Еуропаға денсаулыққа кері әсері бар препараттар жөнелтілген

Жарияланған күні:

Ауыр стероидтер мен анаболиктер
Ауыр стероидтер мен анаболиктер. Видеодан кадр: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы орган мәліметінше, бір топ адам алдын ала сөз байласып, "дәрумендер түрімен жасырған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді (Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығы) Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды.

206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді", - делінген хабарда.

Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот "үй қамағына алу»" бұлтартпау шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181042-darumen-dep-zhasyrgan-qazaqstannan-aqsh-pen-europaga-densaulyqqa-keri-aseri-bar-preparattar-zhoneltilgen/