Түркістанда таныстарын "жұмысқа орналастырып беремін" деп алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды
Жарияланған күні:
Түркістан қаласының тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Келіншек екі бірдей танысын мамандығы бойынша мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп сендірген. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, келіншек қызметі үшін жәбірленушілердің бірінен 1 млн теңге, екіншісінен 800 мың теңге көлемінде қаражат алған.
Алайда біршама уақыт өтсе де, уәдесін орындамай, ақшасын да қайтармаған. Ол аталған соманы бас пайдасына жаратқан.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181204-zhumysqa-ornalastyryp-beremin-dep-eki-tanysyn-aldagan-aielding-ustinen-is-qozgaldy/