Жихадқа шақырған: Шымкентте терроризмді насихаттаған азамат 8 жылға сотталды
Жарияланған күні:
Шымкентте терроризмді насихаттаған ер адам сотталды. Сотталушы экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік желіде адамдарды азғырып көндірген, деп жазады otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, сотталушы террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған. Ол Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі, 259-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталды. Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттар арқылы дәлелденген.
Нәтижесінде ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сот сотталушының жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының ауырлығын, әлеуметтік мәнін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындауын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескере отырып, тек бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот оған түпкілікті 256-баптың 1-бөлігі, 259-баптың 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181216-zhihadqa-shaqyrgan-shymkentte-terrorizmdi-nasihattagan-azamat-8-zhylga-sottaldy/