Сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыға жеткізілді
Жарияланған күні:
Қаржы пирамидасы бойынша сотталған вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Қылмыстық іздестіру департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұған дейін желіде Мейіржан Төребаевтың Алматыдағы колонияға ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болған еді.
Бұл ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Қылмыстық іздестіру департаментінің баспасөз қызметі растады. Іс бойынша сотталған екінші адам Мейірхан Шерниязов та ауыстырылды.
"Алматы қаласындағы мекемеде ұстау лимиті ұлғаюына байланысты бірқатар сотталғандар, тұрғылықты жеріне ауыстырылды.
Қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлайды департамент өкілі.
Айта кетсек, 2022 жылғы ақпанда блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.
Сол жылы 12 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жолданғаны белгілі болды.
2023 жылғы 23 маусымда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа, сондай-ақ қаржы пирамидасы ісі бойынша басқа да айыпталушыларға сот үкімі шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181276-sottalgan-vainerler-meiirzhan-torebaev-pen-meiirhan-sherniiazov-almatyga-zhetkizildi/