Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында мектеп қабырғасы құлайтыны туралы ескертуді елемеген білім бөлімінің басшысы айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

Мектептің опырылған қабырғасы
Мектептің опырылған қабырғасы. Фото: Ата-аналар жіберген видео кадры

Қыркүйекте Қостанай облысындағы Новонежин мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары кезінде үш қабатты ғимараттың қабырғасы опырылып түскен еді. Ғимараттың қирайтынын Әулиекөл ауданы білім бөлімі басшысы біле тұра құрылыс жұмыстарын тоқтатпаған. Аудандық сот оны кінәлі деп танып, 147 600 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әулиекөл аудандық соты Досбол Құсайыновты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 313-бабының 1-бөлігі бойынша (бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұзу) кінәлі деп танып, 147 600 теңге айыппұл салды.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше 7 қыркүйекте болған оқиғадан кейін Әулиекөл ауданының прокуратурасы Новонежин мектебінің ғимаратындағы құрылыс талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізген. Құқық қорғаушылар тапсырыс берушіге үшінші қабаттағы плитаның ауытқуы туралы шілде айында белгілі болғанын анықтады. Мердігер бұл нысанға шұғыл техникалық тексеріс жүргізу керек екенін жазған. Бірақ тапсырыс беруші ескертуді елемеген.

Алайда сот отырысында шенеунік әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы кінәсін мойындамады.

"Сот қаулысымен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ басшысы К.-ға 147 680 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен кінәлі деп танылды", - дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Байғожина.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 1974 жылы пайдалануға берілген мектепке күрделі жөнеу жүргізетін мердігер компанияның бас директоры Анатолий Громченко де портал тілшісіне берген сұқбатында Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөліміне ғимарат апатты жағдайда тұрғанын ескерттік деп айтқан болатын.

Құрылысшылардың алдын-ала жасаған болжамы айтқандай-ақ орындалған. Жылжып кеткен плиталар астындағы ескі терезелерді бұзып тастағаннан кейін қабырға опырылып түсті.

Ата-аналар енді мұнда қанша жөндеу жүргізсе де балаларын жіберуге үзілді-кесілді қарсы. Мектепте 328 оқушы білім алады. Солардың ата-аналары бірауыздан жергілікке билікке жаңа білім ордасын салып беруге талап қойып отыр.

Автор: Айнұр Нұрмағамбетова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181327-qostanai-oblysynda-mektep-qabyrgasy-qulaityny-turaly-eskertudi-elemegen-bilim-bolimining-basshysy-aiyppul-arqalady/