2026 жылы Қазақстанда Starlink жұмыс істей ме: министр жауап берді
Жарияланған күні:
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев сенат кулуарында Қазақстанға Starlink енгізудің шарттарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
"Бүгін Starlink пилоттық жоба ретінде жұмыс істеп жатыр. Ауылдық жобалардағы 1800-ден астам мектеп осы технологиямен қамтылған. Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады, - деді Жаслан Мәдиев.
Министрлік басшысының сөзінше, бүгінде жерүсті станциясы, түйіндесу станциясы мен құрылыс бойынша талаптар бар.
"Сол себепті бұл келіссөздер әлі де жүріп жатыр. Олар әлі аяқталған жоқ. Заң бойынша коммерциялық негізде Starlink-тің бұл терминалдарын сатуға, ұсынуға тыйым салынған. 2026 жылы пилоттық жоба аяқталады. Егер Starlink бұл уақытқа дейін жерүсті станциясын салмаса, бұл жерде реми түрде жұмыс істей алмайтын болады". - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181426-2026-zhyly-qazaqstanda-starlink-zhumys-istei-me-ministr-zhauap-berdi/