Ақтауда жасөспірімдер бір-біріне жанып жатқан петарда лақтырды (видео)
Жарияланған күні:
Желіде жасөспірімдердің бір-біріне жанып жатқан петардаларды лақтырып жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Көп ұзамай полицейлер бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Cenzura_Aktau Instagram-дағы парақшасында пайда болды. Куәгер жасөспірімдердің бірі екіншісінің артынан жүгіріп, жанып тұрған петарданы лақтырғанын түсіріп алған.
Кейінірек әкімшілік хаттаманың фотосы бекітілген сол видео, Ақтау полициясының Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланған.
Құқық қорғау органдары жеткіншектердің табылып, олармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады.
"Бала тәрбиесіне салғырт қараған ата-аналарға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Елімізде тыйым салынған петардаларды сатқаны үшін сатушы мен дүкен иесі ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапқа тартылды", - делінген департамент хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183009-aqtauda-zhasospirimder-bir-birine-zhanyp-zhatqan-petarda-laqtyrdy-video/