Қызылордада спорт және ойын алаңдарының саны артты
Жарияланған күні:
Бүгінде Қызылорда қаласы тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан, 225 ойын алаңы бар.
Биыл облыс әкімінің қолдауымен спорт және ойын алаңының қатары толыға түсті. Қазіргі таңда 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмыс барысында заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған сырғанақ, әткеншек сияқты ойын жабдықтары мен әртүрлі спорт құрылғылары орнатылуда.
Айта кету керек, бұдан бөлек биыл қаладағы 23 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылуда. Ал өткен жылы қала тұрғындарының игілігі үшін 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, көпшілікке заманауи спорт алаңдары мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, жарық бағаналары орнатылды.
Ал 2022 жылы жергілікті демеушілердің есебінен "Балалар жылына" орай 80 балалар спорт-ойын алаңы тарту етілді. Оның 50-і облыс орталығында салынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183639-qyzylordada-sport-zhane-oiyn-alangdarynyng-sany-artty/