jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ТЖД өкілдері ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасады

Қолшатыр ұстаған ер адам
Қолшатыр ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

ТЖД өкілдері қатты жел мен жауын-шашынға байланысты алматылықтарға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидрометтің" ауа райына байланысты ескертуі негізінде 6 қарашада күндіз Алматы қаласында қатты жауын-шашын жауатынын, таулы аймақтарда батыстан соғатын қатты желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететінін хабарлады.

Төтеншеліктер Алматыда қатты жаңбыр жауатыны туралы ескертуге байланысты қала тұрғындарын жолда абай болуға шақырып, Іле-Алатау тауларына шықпауды ескертті.

Олар жеке тұрғын үй иелерінен жаңбыр суын ағызу үшін дренаждық жүйелерді тазалап, дайындық шараларын жүргізуді сұрады.

"Егер көшеде жаңбыр жауса, электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз; көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз. Әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз: олар адамдарды жарақаттауы мүмкін. Жаяу жүргіншілер де абай болуы керек, жаңбыр кезінде жүргізушілер сізді көрмей қалуы мүмкін екенін еске сақтаңыз", - дейді ТЖД өкілдері.

ТЖД өкілдері ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.