"200 мыңнан аса маман қажет болады": министр сынып жетекшіге штат ашу туралы айтты
Жарияланған күні:
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сынып жетекшіге штат ашу керек деген пікірмен келіспейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министрдің пікірінше, Назарбаев мектептері жақсы нәтиже берген. Алайда жалпы мектептерде сынып жетекшіге штат ашылатын болса, 200 мыңдай маман қажет болады.
"Назарбаев мектептері нәтиже берді. Мен онымен таныспын. НЗМ елімізде бар жоғы 20 мектеп. Оның мақсат-міндеттері мен бағыты бар. Ал енді жалпы қарапайым мектептер туралы айтатын болсақ, арнайы бөлек маман болатын болса, ондай маман қанша қажет? 200 мыңнан аса ондай маман қажет болады. Екіншіден, 100 млрд емес, 400-500 миллиардқа дейін баруы мүмкін.
Өйткені оған 100-150 мың төлемейсіз ғой. "Педагог мәртебесі" туралы заңға сәйкес, жоғары ақы төлеу керек. Бүгінгі күні психологтардың жалақысын көтеру туралы әңгіме болып жатыр. Үшіншіден, маман оқушыға сабақ бермейтін болса, оқушының білім деңгейінің қандай екенін біле алмайды. Сондықтан бұл тиімді болуы үшін арнайы маман алмай, дәріс беретін мұғалімге қосымша ақы төлеп, сынып жетекші болғаны тиімді", - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183820-200-myngnan-asa-maman-qazhet-bolady-ministr-synyp-zhetekshige-shtat-ashu-turaly-aitty/