Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашы жұқа қыз-келіншектер назарына: шаш үтігін қалай таңдауға болады

Жарияланған күні:

Үтік
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Шашы жұқа қыз-келіншектер гофрлау – жұқа шаш үшін ғана емес, сонымен қатар оған көлем беріп, мерекелік сән үлгісін жасауға көмектесетін құтқарушы процедура екенін жақсы біледі. Қоғамдық сарапшылар мен "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ қай шаш үтігі гофрлауға ұзақ шыдайтынын және иесінің көңіл-күйін де, әмиянын да түсірмейтінін жақсы біледі. Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ хабарлайды.

Керемет бұрымдардың жетістігі шаш түзеткіш үтіктерге тікелей байланысты. «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі шаштың қыр-сырын ғана емес, гофрлағыш үтіктерді де жаңылмай таңдауға болатынын айтып береді.

"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Астана қаласындағы филиалының Сынақ орталығымен бірлесе отырып, Қарағанды ​​қаласынан сатылып алынған SN-888 үлгісіндегі CRONIER PROFESSIONAL үтігін (гофрлау) сынақтан өткізді.

Үтік
Үтік. Фото: Жанна Биятан

Үлгі Кеден одағы шеңберінде жұмыс істейтін 004/2011 стандартының тізбесіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қатаң зертханалық зерттеулерден өтті.

2024 жылдың 14 тамызындағы № 3149Э сынақ хаттамасына сәйкес, сынақ әдісін қолдану арқылы үтіктеу үлгісінде ақаулар бары анықталды.

Қолданыстағы ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңнамаға және Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" 004/2011 ережесі аясындағы стандарттар тізбесіне сәйкес, біз шашты түзететін құрылғыны сынақтан өткіздік. Зерттеу көрсеткендей, бірнеше элементтер хаттаманың бөлігі ретінде белгіленбеген. Сондай-ақ пайдалану құжаттарында ешқандай ақпарат болмаған. Оның ішінде:

1. Өндіруші елі туралы ақпарат;

2. Сипаттамалары мен өлшемдері;

3. Орнату, сақтау және тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату ережелері мен шарттары (қажет болған жағдайда оларға қойылатын талаптарды белгілеу);

4. Мақсаты туралы ақпарат;

5. Осы жабдықтың ақаулығы анықталған жағдайда қабылданатын шаралар туралы ақпарат;

6. Орыс және қазақ тілдеріндегі пайдалану құжаттары жоқ.

"Өнім техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыс істейді. Өнімділік сапасы "B", – делінген хаттамада.

Электростатикалық разрядтарға келетін болсақ, құрылғы техникалық регламентке сәйкес қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс жасау сапасы «А».

Тұтынушыларға арналған анықтама:

Сарапшы МемСТ сияқты белгілердің сақталуына және Кеден одағы аясында қолданылатын стандарттар тізбесіне сәйкестігіне назар аударуға кеңес береді.

Мысалы, Кеден одағы аумағындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық электр құрылғылары 004/2011 арқылы реттеледі, ал автотауарлар мен кез келген басқа жабдықтар сәйкестік туралы сертификат пен сәйкестік туралы декларация түріндегі міндетті сертификаттауға жатады.

Кеден одағының осы техникалық регламенті қолданылатын төмен вольтты жабдыққа 50-ден 1000 В (қоса алғанда) айнымалы ток және тұрақты ток 75-тен 1500 В (қоса алғанда) дейінгі номиналды кернеуде пайдалануға арналған электр жабдықтары жатады.

Ал осы регламентке сәйкес ресімделген сәйкестікті растау құжаттары: КО ТР сәйкестік туралы сертификаты; КО ТР сәйкестік туралы декларациясы болып табылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасында құжаттардың болмауы немесе дұрыс ресімделмегені үшін айыппұлдар қарастырылған.

Мұны міндетті түрде сақтап алу керек!

Өнімдер екі топқа бөлінеді:

1) Азық-түліктік емес тауарлар – тамақ ретінде пайдаланылмайтын кеңсе тауарлары, косметика, аяқ киім, тұрмыстық химия өнімдері, киім-кешек, тұрмыстық техника мен техникалық құрал-жабдықтар және тағы басқалар.

2) Азық-түліктік өнімдер – тағамдық қоспаларды қоса алғанда, тамақ ретінде тұтынылатын азық өнімдері.

Азық-түліктік тауарлары қолданыстағы ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңы 30-бабына сәйкес, егер өнімдердің сәйкестік туралы декларациясы болса. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзбаған жағдайда қайтаруға немесе айырбастауға жатпайды.

Ал азық-түліктік емес заттарды – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, іш киімдерді, шұлық бұйымдарын, жануарлар мен өсімдіктерді, метражды тауарларды, абоненттік ұялы байланыс құралдарын қоспағанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы сақтаған жағдайда азық-түліктік емес тауарларды 14 күннің ішінде айырбастауға немесе қайтаруға болады.

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазіргі уақытта ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары палатаның 2024 жылдың 4 қыркүйегіндегі жалпы отырысында еліміздегі тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп Zakon.kz хабарлағандай, бір тармағына енгізілген, егер іске қосылмаған болса – ұялы телефондарды, сондай-ақ медициналық техниканы қайтармау туралы тармақты алып тастауы мүмкін.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да міндеті екенін еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болатынын ескертеміз.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды, бұл тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184035-shashy-zhuqa-qyz-kelinshekter-nazaryna-shash-utigin-qalai-tangdauga-bolady/