85 мың теңге мен ұялы телефон: Түркістан облысында көршісінің үйіне ұрлыққа түскен қыз ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында полиция көршісінің ақшасы мен телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Басылым мәліметіне сүйенсек, Қазығұрт ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікке ілінген жас қызды анықтаған. Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты.
Кешке пәтер иесінің үйден шыққанын пайдаланған қыз оның үйіне терезе арқылы кірген. Содан кейін жатын бөлмеде тұрған сөмкеден 85 мың теңге мен үстелде қалған телефонды ұрлап кеткен. Күдікті ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184038-85-myng-tengge-men-uialy-telefon-turkistan-oblysynda-korshisining-uiine-urlyqqa-tusken-qyz-ustaldy/