Yandex Qazaqstan компанияларға велосипедтер мен электр самокаттарда маршрут құру мүмкіндігін ашты
Жарияланған күні:
API Яндекс Карты навигациялық өнімдерге жаңа функциялар қосып, Қазақстандағы компанияларға "соңғы миль" жеткізу мәселесін шешу үшін бұрынғыдан да көп мүмкіндік ұсынды. Енді сервисте жаяу жүруге, қоғамдық көлікке немесе автомобильге арналған маршруттарды ғана емес, велосипедтер мен электр самокаттарға арналған маршруттарды құруға болады. Жаңа шығарылымдағы "Қашықтық матрицасы" және "Маршрут мәліметтерін" алу өнімдерінде жолды есептеу барысында веложолдар мен арнайы бөлінген жолақтар ескеріледі. Осылайша оңтайлы әрі қауіпсіз маршруттар құрып, тығыз қала трафигінде тапсырыстарды тезірек жеткізуге болады.
Сондай-ақ курьерлерге ыңғайлы болуы үшін API Яндекс Карты мобильдік қолданбаларға арналған MapKit SDK және NaviKit SDK интерактивті құралдарына Қазақстанның әйгілі нысандарының үш өлшемді модельдерін қосты. Компаниялардың өз қолданбаларындағы карталарда көрсетілетін көлемді 3D суреттері жеткізушілерге белгілі бір аймақта қозғалу кезінде бөгде карталар мен сервистерге назар аудармай, бағытты оңай табуға мүмкіндік беріп, тапсырыстың жылдам жеткізілуіне көмектеседі.
Жаңа функциялар ритейл, еком, фудтех және жеткізу саласындағы компаниялар үшін пайдалы болады. Олар операциялық тиімділікті арттыруға, логистикалық бөлімдердің жұмысын жеңілдетуге және тапсырыс алу уақытын қысқарту арқылы клиент тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді.
"Біз Yandex Qazaqstan сервистерінде велосипедтер мен электр самокаттар үшін навигацияны ойдағыдай қолданып жүрміз және оның қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін білеміз. Бүгін бұл функционалды бүкіл нарыққа ашамыз деп шештік, себебі Қазақстандағы микромобильдік көліктің инфрақұрылымы белсенді дамып жатқанын көріп тұрмыз. Велосипедтер мен электр самокаттардың курьерлер арасында танымалдығы артып келе жатқанын ескерсек, мұндай құрал көптеген бизнеске қажет. Жаңа функционал "соңғы мильдік" жеткізуді және навигацияны жеңілдетіп, тиімді әрі ыңғайлы етеді", - дейді Асылхан Баймағанбетов, Орталық Азиядағы API Яндекс Карты қызметін дамыту жөніндегі директор.
API Яндекс Карты желісінде навигациялық өнімдерді қоспағанда, сайттар мен қолданбаларға арналған интерактивті карталар, мекенжайларды іздеу және енгізу құралдары бар. Жыл сайын API Яндекс Карты навигациялық шешімдерінің көмегімен әлем бойынша 50 000-нан астам компания 1,5 миллиардтан аса маршрутты жоспарлайды.
API Яндекс Карты тарифтері теңгемен көрсетіледі және тәуліктегі сұраулар санына қарай жасалады. Лицензия ақысын ай сайын төлеуге болады немесе тиімдірек бағамен бірден бір жылға төлеуге болады. Сондай-ақ белгілі бір шарттарды орындап, API-ді тегін пайдалануға болады. Бұл туралы API Яндекс Карты сайтында толығырақ оқи аласыз. Ол сервистің басқа өнімдері сияқты қазақ тілінде де істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184467-yandex-qazaqstan-kompaniialarga-velosipedter-men-elektr-samokattarda-marshrut-quru-mumkindigin-ashty/