Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мектептер, ауруханалар мен мешіттердің шатырын жел ұшырып әкетті

Жарияланған күні:

Павлодар облысында ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті
ысында ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті. Фото: Павлодар ТЖД

Павлодар облысында жел екпіні 28 м/с дейін күшейіп, салдарынан ғимараттың шатырлары ұшып, бірқатар ауданда жарық сөніп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Павлодар облысында 28 м/с дейінгі қатты екпінді жел соғып, төбе жабындысы бұзылуының 15 фактісі тіркелген.

Павлодар қаласында "Жаңа ауыл" ауылында қатты желдің салдарынан жеке үйдің 12 шаршы метр болатын төбе жабындысы және Торговая көшесіндегі қойманың 100 шаршы метр жабындысы бұзылған.

Екібастұзда және оның ауылдық аймағында 4 факт тіркелді. Атап айтқанда, Шидерті ауылындағы көппәтерлі үйдің 30 шаршы метр төбе жабындысының ішінара бұзылуы, 5 шаршы метр алаңында Шідерті ауылындағы орта мектептің шатыры бұзылды; Құлақөл ауылындағы жеке үйдің 6 ш. м төбе жабындысы бұзылды.

Сондай-ақ қатты желдің салдарынан 40 шаршы метр алаңында Шиқылдақ ауылының Қ.Сатпаев атындағы мектептің қазандық шатыры қирады.

Ал Ақсу мен оның ауылдық аймағында Ақсу қаласында қатты желдің салдарынан №2 БЖСМ төбе жабындысының 160 шаршы метрі, 26 шаршы метр алаңдағы трансформаторлық қосалқы станция, сондай-ақ көппәтерлі үйдің қасбетінің 80 шаршы метріне зақым келген. Қалқаман ауылында қатты желдің салдарынан 3 қабатты тұрғын үйдің қасбетінің қаптамасы бұзылды.

Ақтоғай ауданында қатты желдің салдарынан 130 ш. м. алаңда "Ақтоғай аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК аурухана ғимаратының төбе жабындысына зақым келді.

Баянауыл ауданында-4 факт тіркелді. 20 м/с астам екпінді желдің нәтижесінде Ақсан ауылында шамамен 22 ш. м. алаңда жеке тұрғын үйдің төбе жабындысы ішінара қирады.

Сондай-ақ, осы ауылда 28 м/с-тан астам қатты желдің салдарынан Д.Рахметов атындағы орта мектеп КММ ғимаратының төбе жабындысы 14 шаршы алаңында бұзылды.

Ұзынбұлақ ауылында ауыл әкімдігінің ғимараты зардап шекті, Құндыкөл ауылында мешіт ғимаратының төбесі жел ұшырып әкетті.

Ақтоғай, Баянауыл, Май, Ертіс, Шарбақты, Успенка, Аққулы аудандары, Ақсу қаласында электр қуаты өшуінің 28 фактісі тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184515-pavlodar-oblysynda-mektepter-auruhanalar-men-meshitterding-shatyryn-zhel-ushyryp-aketti/