Астанада қараңғы ерте түсетіндіктен жұмыс уақыты ауыстырылуы мүмкін бе: әкім жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада аудан тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Жеңіс Қасымбекке елордалықтар үйіне қараңғыда қайтып жүргенін айтып, жұмыс және оқу уақытын бір сағатқа артқа жылжытуға қатысты сұрақ қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұл ұсынысты елорда тұрғындарының бірі айтып, Жеңіс Қасымбекке Астанада 16:00-ден бастап қараңғы түсе бастайтынын атап өтті. Тұрғын балаларды мектептен қараңғыда алып қайтатынын бас айтты.
"Мұның бәрін талқылау керек, сіздің бұл сынысыңыз біреуге ұнамауы мүмкін. Сондықтан бәрінің көңілінен шығатын бір шешім шығару мүмкін емес. Біреулерге осы ыңғайлы болса, басқаларға ұнамайды. Қалада көп адам тұрады", - деп жауап берді әкім Жеңіс Қасымбек.
Елорда әкімі Астанада мұндай шешім қаралып жатпағанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалғанын жазған едік.
Сондай-ақ Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер тағы да кешіктірілгені мәлім болды.
Ауа райына байланысты 7 қарашада Астанада мектеп оқушылары да қашықтан оқытуға ауыстырылды.
Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатты жел салдарынан жарақат алған 140-тан астам адам травматологиялық пункттерге түскенін хабарлаған еді.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан тұрғындарымен кездесуінде қатты жел салдарынан жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184584-astanada-qaranggy-erte-tusetindikten-zhumys-uaqyty-bir-sagatqa-auystyryluy-mumkin-de-akim-zhauap-berdi/