Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы дауылдан тағы екі адам зардап шекті

Жарияланған күні:

Павлодарда ағаш құлады
Павлодарда ағаш құлады. Фото: t.me/tipavlo/

Павлодар облысының әкімдігі ауа райының қолайсыздығы салдарынан зардап шеккен тағы екі адам туралы айтты. Осыған дейін облыстық орталықта үстіне ағаш құлаған әйел қаза тапқан еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысы әкімдігі Instagram желісіндегі парақшасында өңірдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты туған жағдай туралы ақпарат берді. Осыған дейін Павлодар облысында үстіне ағаш құлаған әйелдің қаза тапқаны белгілі болған еді. Көп ұзамай дауылдан тағы екі адам зардап шеккені анықталды.

"Ауа райының қолайсыздығынан туындаған жағдай салдарынан үш адам зардап шеккен: екеуі жарақат алды, біреуі қаза тапты", - деді әкімдікте.

Сондай-ақ 28-30 м/с дейінгі дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймағында, сондай-ақ Ақтоғай және Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көппәтерлі және 3 жеке тұрғын үйдің шатыры мен қаптамасы бүлінгені айтылған.

"Зардап шеккен қалалар мен аудан әкімдіктеріне Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырысын өткізу және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккен нысандарды кейіннен қалпына келтіру үшін табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялау туралы қажетті шешімдер қабылдау тапсырылды", - деп түсіндірді облыс әкімдігінде.

Кейінгі мәліметтер бойынша, электрмен жабдықтау желілерінде 120 апат болып, оның 69-ы әкімдік деректері бойынша қалыпқа келтірілген. Қалған жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта 68 апаттық бригада (180 адамнан астам) және 62 техника жұмылдырылды.

"Өңір тұрғындарын жоғары сақтық шараларын сақтауға және өз үйлерін аса қажетсіз қалдырмауға шақырамыз", - деп әкімдіктен шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184633-pavlodar-oblysyndagy-dauyldan-tagy-eki-adam-zardap-shekti/