Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның үндеуі Шымкент қалалық ӨКҚ Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
"Шымкент қаласында есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды. Олар Түркістан облысының тұрғыны. Күдіктілер әр "закладка" үшін 1500 теңге алған. Жағдайы жақсы отбасынан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барған. Ұстау барысында олардан мефедронның жүзден астам дозасы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ол видеода.
Айта кетейік, кейінгі аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталған. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 10 килограммнан астам синтетика тәркіленген.
Осы ретте Данияр Мейірхан есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын ескертті. Ол ата-аналарды балаларын мұқият қадағалауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184915-ar-zakladka-ushin-1500-tengge-algan-shymkentte-esirtki-zhasyrumen-ainalysqan-bes-zhasospirim-ustaldy-video/